«Жеке сот орындаушылар рейтингі» енгізілді. Енді өндіріп алушылардың онлайн режимде рейтингпен танысуға және сот орындаушысын таңдауға мүмкіндігі бар», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.
Оның сөзінше, рейтинг құжаттарды орындаудың статистикалық деректері, орындаушылық тәртіп, жеке сот орындаушысының жұмыс өтілі, сондай-ақ өндіріп алушылардың бағалауы негізінде автоматты түрде жасалады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы негізінде «Әлеуметтік қор» құрылды.