Сот Перизат Қайрат пен анасына шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды

Коллаж: Kazinform/ Freepik/ Wikipedia - на приговор

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша адвокаттың апелляциялық шағымын қарап, шешім шығарды.

Барлық тарап пен сот процесіне қатысушылар отырысқа онлайн-режимде қатысты.

— Сот алқасы апелляциялық шағымдардың дәл-елдерін, процеске қатысушылардың ұстанымын, прокурордың қорытындысын тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерделеп, Қылмыстық-процестік кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1-бөлігін, 443-444-баптарын басшылыққа ала отырып, 2025 жылғы 25 шілдедегі Қайрат Перизат пен Алашбаева Ғайниге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды. Сотталғандардың адвокатының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын, — делінген сот шешімінде.

Есік салсақ, шілде айында Елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарған еді. Сот үкімінде Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 

Ал тамыз айында адвокат Перизат Қайрат пен оның анасын ақтауды талап етіп, сотқа шағым түсірді.