Сот: Porsche әртіс Пол Уокердің өліміне жауапты емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ соты автоөндіруші Porsche 'Форсаж' фильмінің жұлдызы Пол Уокердің өліміне жауапты емес деген ұйғарымға келді. Еске сала кетейік, әртіс Porsche Carrera GT автомобилімен келе жатып апатқа ұшыраған еді, деп жазады Би-би-си.

Уокердің досы - апат кезінде көліктің рөлінде отырған Роджер Родастың жесірінің шағымын қараған сот шешімін шығарды. Родастың әйелі автомобильде қауіпсіздік жүйесінің бірнеше маңызды бөлшегі болмағанын айтқан. Сондай-ақ Кристин Родас автомобильдің аспасында ақау болғанын жеткізді.

Сот Родас (әйелі) өзінің мәлімдемесін дәлелдейтін айғақзаттарды ұсынбады деп шешті.