Сот приставтары Михаил Ходорковскийдің мотоциклдерін сатып жіберді

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Михаил Ходоровскийдің мотоциклдері оның қарызын өтеу үшін сатылды.

Бұл туралы сот приставтары қызметінен хабарлады.

Ведомствода сонымен бірге, Платон Лебедевке тиесілі жер учаскесінің тәркіленетіні туралы ескертілді. Барлық жиынтық атқару өндірісінің аясында «ЮКОСтың» экс-басшысы мен «МЕНТАТЕПтің» бұрынғы жетекшісінен 132 млн. астам рубль алынды, деп хабарлады «Новости».