Сот процестерiне қатысушы журналистерге ешқандай кедергiлер болмауы керек - А.Жұмағұлов (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот процестерiне қатысушы журналистерге ешқандай кедергiлер болмауы керек. Бұл туралы Астана қалалық мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов мәлiм еттi.

"Сот төрелiгi үшiн шешiм қабылдау жүйесi ашық сот бейнесiн қалыптастыру керек. Азаматтардың құқықтарын, бостандығын және мүддесiн қамтамасыз ететiн соттар үшiн баспасөзбен қарым-қатынас орнату осы мақсатта аса қажет", - дедi ол.

Оның айтуынша, Жоғары сотта көп жылдар бойы баспасөзбен өзара ықпалдастық байланыстары жасалып келедi.

"Қоғамның соттарға сенiмiн арттыру үшiн БАҚ-тың сот процестерiне қатыстырылуын қамтамасыз ету қажет. Сот процестерiне қатысушы журналистерге ешқандай кедергiлер болмауы тиіс", - деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, Елбасы "100 қадам" Ұлт жоспары реформаларында сот жүйесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берген болатын.