Сот отырысында прокурордың бұрынғы президентке қатысты сотқа дейінгі қамауға алу шарасын елден шығуға тыйым салуға өзгерту туралы өтінішін қарады. Өтінішке прокурордың Саргсянның Армениядан кету ниеті туралы алған дерегі себеп болды.
-Сіз рсымен де мені қашып кететін адамға ұқсатып тұрсыз ба ? Мен қай уақытта қай жерден қашып едім,-деді Арменияның үшінші президенті Серж Саргсян прокуратураға түскен жедел мәліметке қатысты пікір білдіре отырып.
Айта кетейік, бұған дейін Арменияда экс-президент Саргсянның шетелге шығуына қатысты салынған тыйым күшін жойған болатын.