Сот Сақташ Хасеновті тұтқындау мерзімін ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Сот ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновті тұтқындау мерзімін созды.

Бұл  ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР АШМ комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновті тұтқындау мерзімі 2017 жылдың 4 наурызына дейін ұзартылды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған. Комитет төрағасы бұрын министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Е. Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды. С. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған.