Сот-сараптама қызметіне қатысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

АСТАНА.  Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің мүшесі Сәрсенбай Еңсегеновтің айтуынша, заң жобасы тәуелсіз және объективті сот-сараптама қызметін қамтамасыз ету үшін тиісті заңдарға өзгерістер енгізуді қарастырады. «Бүгінде сот-сараптама қызметіне қатысты қолданыстағы заң сот-сараптамасын өндіру мен белгілеу шараларын қарастырады. Құжаттағы сот-сараптама қызметіне қатысты мәселелердің ішінде ұйымдастыру және ғылыми әдістемелік шаралар жөніндегі жайттар  регламенттелмеген. Осыған орай заң жобасы сот-сараптама органы жетекшісінің міндеттерінің тізіміне тағы қосымша міндеттер енгізуді қарастырады», деді депутат.