Сот сараптама нысандарына жүгіну ережесі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Сот сараптама нысандарына жүгіну ережесін бекітті. ҚазАқпарат агенттігі қаулы мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет үйі, 2010 жылы маусымның 4-і, №512

Сот сараптама нысандарына жүгіну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы қаңтардың 20-ындағы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған сот сараптама нысандарына жүгіну ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов