Сот-сараптама саласында бәсекелестік орта кеңейтілетін болады - Мәжіліс

None
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Респуьбликасының сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатты әзірлеудің мақсаты тәуелсіз және объективті сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, заң жобасы қолданыстағы заңнаманың ішкі қайшылықтарын жоюға, оны басқа да нормативтік-құқықтық актілермен сәйкес келтіруге, сот-сараптама қызметін құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталады.

«Заң жобасының тұжырымдамалық жаңалығы сот-сараптама саласында бәсекелестік ортаны кеңейтудегі оң үдерістерді жеке сот сараптама институтын дамыту арқылы тереңдету болып табылады. Атап айтқанда, білікті қызметкерлердің жеке сот сарапшысы мамандығына қол жеткізуіне кедергі болатын әкімшілік тоқсауылдар жойылады. Сонымен бірге, жеке тұлғаның лицензия алуының міндетті шарты ретінде сот сараптамасы органдарында 5 жыл лауазымда жұмыс өтілінің болу қажеттілігі туралы талаптар алынып тасталады», - дейді Әділет министрі Берік Имашев.