Құжатты аталған орталықтың директоры Исидор Борчашвили мен бірлестік басшысы Юлия Денисенко рәсімдеді. Меморандум дін мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар саласында біріккен жобалар мен ғылыми-әдістемелік бағдарламалар әзірлеуді қарастырады. Сот сараптамалық орталығы директорының атап өтуінше, ағымдағы жылдан бастап сот-дінтанушылық сараптамасы жеке сот сараптамасы түрі ретінде енгізілген. Тараптардың пайымынша, мұндай сипаттағы ынтымақтастық екі жақ үшін де тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, сарапшылардың кәсіби деңгейін арттыратын болады.
16:37, 15 Мамыр 2015
Сот сараптамалық орталығы мен Діндерді зерттеу орталықтары өзара ынтымақтасуға келісім жасасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалық орталығы мен «Діндерді зерттеу орталығы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.