Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Ахметовтің қорғаушысы Николай Лесник Жоғарғы Соттың тиісті нормативтік қаулысын дәлел ретінде келтірді.
Қорғаушының айтуынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін екі басты талап орындалды. Бұл келген шығын көлемін өтеу және сотталғанның тарапынан бұзушылықтардың болмауы.
Сонымен қатар, Николай Лесник материалдық құқықтың осы нормасының негізінде Ахметовты жазаның өтелмеген қалған мерзіміне мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінен босату туралы мәселені қарастыруды сұрады.
Алайда прокурор Әсем Тергеубекова соттан өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды ұсынды.
«Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы пробация қызметінің ұсынған мәліметтерін зерделей келе, Серік Ахметовтің өтініші сотталғанның түзелгенін және оның жазасын әрі қарай өтеуді қажет етпейтінін дәлелдейтін мәліметтердің ұсынылмауына байланысты толық көлемде бас тартуға жатады деп санаймын», - деп атап өтті прокурор.
Сот Серік Ахметовке қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ауыстырудан бас тартты.
Еске салсақ, Серік Ахметовтің бостандыққа шығару туралы қаулы күшіне енген еді.