«24 қаңтар күні Алматы қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Қазинвестбанк» АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату (тарату) туралы заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, «Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғаларының депозиттері 100% «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ға берілді.
«Қазинвестбанк» АҚ қызметін тоқтап, активтері мен міндеттемелері «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ға берілген күннен соң, жеке тұлғалардың шоттарына түскен қаражат бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ға (ҚДКБҚ) міндеттеме жүктеледі. Аталған міндеттемелердің жалпы сомасы шамамен 2 миллион теңгені құрайды, өтемақы алуға құқығы бар салымшылар саны - 70. Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатымен жүзеге асырылады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы - 568,6 миллиард теңге.
ҚДКБҚ банк-агенттің атауын, төлем егжей-тегжейлігі мен мерзімін агент банкпен немесе «Қазпошта» АҚ келісімге келуі бойынша жариялайды. Еске сала кетсек, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасы - 10 миллион теңгені, шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңгені құрайды.