Сот темекі шегушінің жесіріне 23 млрд. доллар төлеуге міндеттеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та темекі шегуші Майкл Джонсонның жесірі Camel, Winston, Pall Mall сияқты және басқа да танымал брендтердің иесі R.J. Reynolds Tobacco компаниясынан 23 миллиард доллар алатын болды. Жексенбі күні талап-шағым иесінің пайдасына Флорида соты осында шешім шығарды, деп хабарлады АПН.

R.J. Reynolds Tobacco «төлем сомасы ақылға сыймайды және әділетті емес», деп санады. Джонсон өкпе қатерлі ісігінен көз жұмды. Ол күніне үш қорап сигарет тартатын. АПН сарапшылары өтем құны компания құнымен бірдей болса, онда темекші шегушінің жесірі одан да бүкіл компанияны сатып алып, темекі сатып отырмай ма!, деп атап өтеді. Бірақ та тағы бір темекіші талап шағым беруі мүмкін ғой.