Сот төрелігі академиясы ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды
10:04, 21 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ғылыми ұйым атанды, деп хабарлайды кеңестің баспасөз қызметі.
Сот төрелігі академиясы алғаш рет ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде тану туралы куәлік алып, аккредиттеуден сәтті өтті.
Бұл Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасын іске асырудың және аккредиттеуге дайындықтың әр кезеңінде шешуші рөл атқарған Төраға Д. Малахов бастаған Жоғары Сот Кеңесін қолдауының нәтижесі.
— Жаңа мәртебе ғылыми қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және Академияның сот реформасын сүйемелдеуге қосқан үлесін күшейтеді, — деп түсіндірді ведомство.
Осыған дейін Жоғарғы Сот бірегей дизайн құқығын қорғағанын жаздық.