Естерiңiзге сала кетейiк, заң жобасы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн тиiмдi және уақтылы қорғауды қамтамсыз етуге бағытталып отыр. Соның ішінде заң жобасымен сот төрелiгiн iске асыруды жеңiлдету және ақпараттық технологиялардың қолданылу аясын кеңейту шаралары көзделген. Бұл ретте азаматтық процесте сот отырыстарының аудио және бейнежазба арқылы хаттамаға түсiру қамтылған болатын.
Сенат Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына бірқатар редакциялық нақтылау сипатында өзгерістер енгізді. Мәселен, жоғары палата депутаттары сот өндiрiсінде аудио және бейнежазба құралдарын қолдануды қаржыландыру мәселелерiнiң қосымша шешiмдерiн белгiледi. Осыған орай, Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, құжатты қабылдады.
Енді Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.