Шығармашылық бәсекеге жергілікті және республикалық басылымдардың, электронды БАҚ-тардың тілшілері қатысты. Облыстық соттың төрағасы Ермек Серікбаев жеңімпаздарды құттықтай отырып, бүгінгі күні сот органдарының қызметтері журналистер мен соттардың бірлескен жұмыстарының арқасында азаматтар үшін ашық және айқын бола түскенін атады.
«Біздер сіздерден ешнәрсені де жасырғанымыз жоқ, өз проблемаларымыз бен кемшіліктеріміз жөнінде ашық айттық, үдерістердің барысын өздеріңіздің бағалауларыңызға мүмкіндік бердік», - деді облыстық соттың төрағасы.
Ол соттардың жұмыстарына түсіністікпен қарағандары және шынайы ашып көрсеткендері үшін журналистерге алғысын білдірді. «Заң газетінің», «Хабар» арнасының, «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшілеріне, жергілікті газеттер мен облыстық теледидар журналистеріне грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.