Сот жүйесінде ешқандай реформа жасамаймын - Жақып Асанов
«Осынау қысқа ғана уақыттың ішінде маған сот жүйесіндегі қандай да бір кемшіліктерді айту, бұған қоса, түбегейлі өзгерістерді жария ету дұрыс бола қоймас. Дегенмен, біз ешқандай да реформа ұсынбайтындығымызды баса айтқым келеді. Президенттің судьялардың 7 съезінде берген нақты тапсырмасы бар», - деп атап өтті Жақып Асанов.
Сонымен қатар ол Қазақстан Президенті Жоғарғы сот лауазымына тағайындаған кезде адамдардың сотқа деген сенімін арттыру міндетін жүктегендігін баса айтты.
Кеңейтілген кеңес барысында Жақып Асанов дауласушыларды сотқа жеткізбей татуластыратын орган құруды ұсынды. Сонымен қатар ол облыстық соттардың Жоғарғы сотқа жіберетін статистикаларында жалған деректер көп екендігін ашық айтты.