Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы - Екібастұз

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздың қалалық сотында «Тіл- тәуелсіздіктің негізі мен діңгегі» атты семинар өтті,

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

Облыстық, қалалық және аймақтық сотының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері сот жүйесі мен сот актілерінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыруға байланысты мәселелерді талқылады. Мемлекеттік тілдің деңгейі және оның сот жүйесі саласындағы қолданылу аясының кеңеюі сияқты сұрақтар көтерілді.

Мемлекеттік тілде сот істерін қарап, актілерді қабылдайтын қазақ тілінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген сот төрешілерін ынталандыруға байланысты ұсыныстар қаралды.

Семинардың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданды.