Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа жол берген 29 адам сотталды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылдың басынан бері Қызылорда облысының сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 30 іс қаралды.

Нәтижесінде 29 адам сотталды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бірін бұрын сотты болған тұлға жасаса, 7-уі лауазымды тұлғаларды қамтыған. Бұлардың ішінде 22-сінің жоғары білімдері бар.