Аукционға 4 мыңдай археология және жаратылыстану ғылымдарының әуесқойлары келді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Атап айтқанда, голливудтық блокбастерлерге прототип болып жүрген кесіртке тәріздес жыртқыш динозавр - аллозаврдың аналығының сүйегі 1,3 миллион еуроға сатылды. Бұл соңғы 15 жылдағы абсолюттік рекорд, дейді сарапшылар. Ұзындығы 10 метрден асатын археологиялық жәдігерді анонимді еуропалық коллекционер сатып алған.
Ал Сібірден табылған жүнді мүйізтұмсықтың сүйегі үшін француздық коллекционерлердің бірі 97 мың еуроны санап берген. Және әлгі меценат бұл жәдігерді Париждегі Палеонтологиялық институтқа тарту етпек ниетін мәлім еткен.