«Сотбис» ең қымбат гауһартасты аукционға шығарып отыр

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Британдық «Сотбис» аукцион үйі сарапшылардың бағалауынша, әлемдегі ең қымбат гауһартасты сатылымға шығарып отыр. Салмағы 24,78 караттық ашық қызыл түсті асыл тас 27 миллион мен 38 миллион доллар соманың аралығында бағаланып отыр. Гауһартас қарашаның 16-сында Женевада сатылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бұл асыл тас соңғы рет осыдан 60 жыл бұрын сатылымға шығарылған еді, сол жолы гауһартасты американдық зергер Гарри Уинстон сатып алған.