Бұл мәліметтерді бүгін Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков Астанада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, сондай-ақ сотта қаралатын істердің процессуалдық мерзімдерін бұзу әрекеттері де мейлінше кеміп отыр. Айталық 2005 жылы олардың саны 311 болса, биылғы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш небәрі 9 ғана болды.