Бұл туралы бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына байланысты жергілікті және өзге де сот өкілдерімен болған селекторлық мәжілісте Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров мәлім етті.
Оның айтуынша, аталған азаматтық істердің 37,7 пайызы сырттай қаралады. «Осы ретте айта кететін мәселе - біз сырттай қаралатын істер санын барынша азайтуымыз керек. Облыстық және қалалық сот төрағаларына осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіп, мүмкіндігінше сотта қаралатын істерге тараптардың барлығының қатысуларын қамтамасыз етулері керек»,- деді Жоғарғы сот төрағасы.