Сотталғандар өздерінің туған-туыстарымен енді интернет арқылы көрісе алады - ҚР Әділет министрлігі

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Сотталғандар өздерінің туған-туыстарымен енді интернет арқылы көрісе алады. Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің тәжірибесіне «Бейнекездесу» жобасын енгізуде. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жаңалық олардың әлеуметтік-туыстық байланыстарын жүргізуді жеңілдетеді. Сотталғандар мен олардың туыстарының кездесу құқықтарын қамтамасыз етуді жақсартады», дейді Е.Ерімбет.

Әділет министрлігінің бұл жаңалығы жол жүру, қатынау және баспана жалдауға жұмсалатын қаражатты үнемдейді.

«Бейнекездесу» сотталғандардың ерігімен, таңдауымен жүретін болады. Егер ол туған-туыстарымен осы жоба арқылы кездесуге ниет білдірсе ғана бейнекездесу ұйымдастырылады», деп атап көрсетті ресми өкіл.