Сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімі жаңарды

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімін кеңейтуді ұсынып отыр. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

— Сотталғандар арасында өлім-жітімді азайту және ауыр науқастардың денсаулығын сақтау мақсатында жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімін өзектендіру мақсатында тиісті жоба әзірленді, — делінген құжатта.

Жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімі келесі дерт түрлерімен толықтырылып отыр: 

— бауыр циррозы;
— созылмалы бүйрек ауруы;
— ауыр дәрежедегі созылмалы өкпе ауруы, сондай-ақ гормонға тәуелді аурулар.

Құжат жобасы 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Айта кетсек, таяуда Ішкі істер министрлігі түрмедегі әйелдердің жағдайын жеңілдететін құжат жобасын қоғамның талқысына ұсынған еді