деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні анықталған мәліметтер бойынша түрмеден қашқандар ешқандай да адамдарды кепілге алмаған. Қашқандардың жазасын өтеу бойынша сотталу санаттары, толық мәліметтері әлі нақтыланады. Жалпы, Маңғыстау облысы бойынша барлық түзеу мекемелері күшейтілген режимге өтті. Ал басқа өңірлердегі мекемелер сәйкес режимді сақтайтын болады», деді ресми өкіл.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, маусымның 22-сінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5-тің шамасында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ГП-172/1 (Ақтау қаласы, қатаң режим) мекемесінен 21 адамнан тұратын сотталғандар тобы негізгі қоршаудан секіріп түсу арқылы қашып кеткен болатын. Қазіргі уақытта олардың 8-і құрықталған. Тоқтала кететін жайт, сотталғандардың қашуына 2 автомашина мен мекеме аумағына жақын келген белгісіз қаруланған адамдар көмек көрсеткен. Қайтыс болғандар мен жараланғандар бар. Қалған сотталғандарды ұстау бойынша құқық қорғау органдары шұғыл-іздестіру шараларын жүргізуде.