Сотталушы 20 мың теңге парамен шартты-мерзімінен бұрын босату мәселесін шешпек болды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қылмыстық із кесу органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің ішкі қауіпсіздік қызметкерлері пара берудің кезекті,

13-ші фактінің жолын кесті. Жексенбі күні Атырау облысының қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкеріне ақша беру үстінде  тағы бір адам ұсталды, деп хабарлады Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

20 мың теңге ақша қоғамнан оқшауланбастан жазасын өтеп жатқан сотталушының шартты-мерзімінен бұрын босату мәселесін шешуге арналған болып шықты. Факті бойынша материалдар Атырау облысының қаржы полициясына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне пара берудің бірнеше факті бойынша Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қылмыстық істер қозғалды.