«2018 жылдың бірінші тоқсанында бас бостандығынан айыру орындарында есірткі беріп жіберуге қатысты бірнеше арнаның жолы кесілді. Алматы облысындағы ЛА-155/14 мекемесінде отырған сотталушыға сәлемдемемен бірге есірткі беріп жібермек болған оның туыстары да шынымен де зергерлік жұмыс жасаған. Олар бірнеше целлофан түйіншектерді қырынуға арналған баллонға салған. Сот-химиялық сараптама анықтағандай, алынған түйіншектерде 40 граммнан астам наша болған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, таяуда ғана ЛА-155/14 мекемесінің аумағында Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Ол сотталған ағасына негізгі бөгет арқылы 140 грамм наша бермек болған.
2017 жылдың бірінші тоқсанында тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті үшін сотталушылардың туыстары мен таныстары арасынан 30 адам әкімшілік жауапқа тартылса, 2018 жылы олардың саны 39-ға жеткен. Ең көп әкімшілік жауапқа тартылғандар - ШҚО, БҚО, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында.
Фото: sibreal.org