деп хабарлайды Утро.ру.
Hurriyet газетінің жазуынша, тәртіпсіздіктер кеше кешкісін елдің оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас тұста орналасқан Шанлыурфа түрмесінде орын алған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, сотталушылар түрмеде ұстау жағдайына, әсіресе абақты камераларындағы 40 градустық ыстыққа кейістік танытқан. Соның салдарынан олар камералардың бірінде жамылғы мен матрастарды өртеп, бүкіл түрмеге таралған бүлік шығарған. Тәртіпсіздікті басу әрі өртті сөндіру үшін жандармерия мен өрт сөндірушілер бөлімі келген.
Сәл кейінірек Түркия Премьер-министрі Тайып Эрдоған бүлік басталған камерада қамалған адамдардың саны мөлшерден тыс екендігін мойындады. Жалпы, BBC мәліметтеріне сәйкес, түрмеде шамамен мыңға жуық сотталушы болған.