«Бауырына «көмек» көрсетпек болған Шымкент қаласы тұрғынының өзі де қылмыстық істің фигурантына айналуы мүмкін. Мекеме қызметкерлері оны тексеріп, қарау барысында ұялы құрылғы, құлаққап, флеш пен SIM-карта, сонымен қатар өзіндік исі бар жасыл түсті белгісіз зат оралған қағаз түйіншегін тауып алды. Ер адам оларды аяқ киімінің ішіне тығып өтпек болған», - дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Теңізжан Жәнібеков.
Оның айтуынша, ішінде беймәлім заты бар қағаз түйіншек сараптамаға жіберілген. Сараптама тәркіленген заттың салмағы 3 граммнан асатын кептірілген марихуана екенін көрсетті.
ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті таратқан келесі оқиға Қарағанды облысындағы мекемеде тіркелген. Мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында олардың бірінен шамамен 4 грамм есірткі табылған. Есірткі «Colgate» тіс пастасының құтысына жасырылған.