Соттар қылмыскерлерді негізсіз ақтауда - А.Дауылбаев

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Соттар қылмыскерлерді негізсіз ақтауда.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР-дағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, есірткі заттарының заңсыз айналымының жағдайы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыбына қатысты құқық қорғау органдары басшыларымен өткізіп жатқан кеңесінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев осылай деді.

«Соттар қылмыскерлерді негізсіз ақтауда. Үш жылдың ішінде прокурорлардың наразылығымен 71 тұлғаға қатысты заңсыз ақтау үкімі бұзылды», - деді ол.

Мәселен, Бас прокурордың айтуынша, 2011 жылы Астана қаласының соты кісі өлтірді деген айыппен сотталушы Ботабаевты ақтап, прокурорлардың барлық наразылықтарын қаперге алмаған.

«Жыл толмай жатып Ботабаев Іле Алатау ұлттық паркінде адамдарды жаппай өлтірген экстремистік пиғылдағы қылмыстық топтың құрамында болды. Бұл үшін соттардың бірде біреуі ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ», - деді А.Дауылбаев.