Соттардың шетелдіктерді елден шығару туралы шешімдері 4 есеге артық болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа кодекс қолданысқа енгізілді. Оны қолдану аясында елімізде 3 226 291 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға артық болды.

«Әкімшілік практика субъектілері айыппұл салу туралы 10 пайызға артық қаулы (2 256 873), 30 пайызға - ескерту (527 136) шығарған, сонымен қатар соттар шетелдіктерді әкімшілік тұрғыда елден шығару туралы 4 есеге артық (8 386) шешім шығарған көрінеді»,- делінген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметінде.

Сонымен қатар, бірқатар әрекеттердің қылмыстық теріс қылық дәрежесіне ауысуына байланысты, әкімшілік қаумауға алуға тартылған адамдардың 15 пайызға азағаны байқалады.

Комитет мәліметіне қарағанда, әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі 52 пайызды құрады. Ағымдағы жылы салынған 42 млрд. теңге әкімшілік айыппұлдан 21,7 млрд. теңге өндірілді. Сонымен қатар үстіміздегі жылы өткен жылдардың айыппұлдары бойынша 6 млрд. теңгеден астам сомаға 68 мың қаулы орындалды.

Аймақтар бөлігіндегі ең көп өндіру Астана қаласы (84%), Маңғыстау (76%), Батыс Қазақстан (64%) және Оңтүстік Қазақстан (56%) облыстарында белгіленді. Айыппұлдарды жинаудың ең төменгі көрсеткіші Павлодар облысында (35%)және Алматы қаласында (38%)байқалады.

Айта кетейік, анықталған ұсақ құқық бұзушылықтардың саны 46 пайызға артқан, яғни осындай 1 560 257 әрекет тіркелді.