Соттық тергеу институтын одан әрі дамыту қажет-сенатор Б. Имашев

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Соттық тергеу институтын одан әрі дамыту және оны қылмыстық үдерістерде қолдану аясын кеңейту қажет. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында соттық тергеу институтын дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Имашев айтты.

Оның айтуынша, бұл шаралар сот тергеу институттарын нығайтады, қылмыстық сот өндірісі аясына түскен адамның құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қаар, сенатор соттық тергеуді соттау ісіндегі маңызды кезең ретінде атай келіп, қылмыстық істерді шешуде соттық тергеудің осы кезеңі тергеу нәтижелерінің ең шынайы болуына кепілдендіретін қылмыстық процестердің барлық қағидалары барынша толық ашылатынын атап өтті. «Сөйтіп, қылмыстық іздестіру органдардың қорытындылары мен шешімдерінің заңдылығы мен негіздемесін тексеру қамтамасыз етіледі», деді депутат.

Отырыс барысында сот жүйесін дамыту және сотқа дейінгі өндірісте сот бақылауы аясын кезең-кезеңмен кеңейту, қылмыстық-іс жүргізу заңнамасындағы соттық тергеу эволюциясының келешегі, соттық тергеудегі соттың рөлі, алдын ала және соттық тергеудің өзара байланысы мәселелері талқыланды.

Пікір алмасу барысында соттық тергеуді мемлекеттік айыптаушы тұрғысынан қарастыруға, соттық тергеудегі қылмыстық істі дәлелдеу мәселелеріне, соттық тергеуге сәйкес алдын ала тергеу мен оның мекемеге қатысына, соттық тергеудің қылмыстық процестегі тиімді институт екеніне назар аударылды.

Дөңгелек үстел отырысына Сенат төрағасының орынбасарлары Мұхамбет Көпеев пен Александр Судьин, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес пен Жоғары Сот Кеңесінің, Адвокаттар одағының басшылары, Президент Әкімшілігінің, құқық қорғау және сот жүйесінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, ғалыми орталардың өкілдері қатысты.

Талқылауды қорытындылай келіп Б.Имашев соттық тергеудің өзекті мәселелері және оны одан әрі жетілдіру бағыттары бойынша пікірсайыстың табысты болғанын атап өтті. Сенатор атап өткендей, айтылған ескертпелер мен ұсыныстардың бәрі егжей-тегжейлі зерделеніп, пысықталады және заң шығару үдерістерінде пайдаланылатын болады.