Soyle.kz қызметтерін 1,5 миллионнан астам адам пайдаланды
«Soyle.kz - 2013 жылдың желтоқсанында ашылған қазақ тілін тегін үйрететін тұңғыш онлайн портал. Ашылғалы бері Қазақстан мен шетелдерден 1,5 миллионнан астам адам портал қызметін пайдаланса, тіркеліп оқып жатқандардың саны 50 мыңнан асты. «Soyle.kz» порталының әлеуметтік желілері арқылы 20 мыңнан астам адам қазақ тілін үйреніп жатыр. Android және IOS платформаларындағы «Soyle» қосымшасын 30 мыңнан астам адам жүктеп алса, «bala.soyle.kz» балалар сайтын күнделікті 1,5 мыңнан астам жас жеткіншектер пайдалануда»,-деді Айтжанов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Soyle.kz» порталының IOS платформасындағы мобильдік қосымшасы мен патриоттық тақырыптарға арналған басқа да қосымшалардың тұсаукесерін өткізді.