«Soyle.kz» порталының мобильдік қосымшасы таныстырылды
Мобильді қосымшалар қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, жастар арасында IT-білімдерін қалыптасыру мақсатында жасалған.
«Жаңа отандық ІТ-өнімдер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеудегі қойылған міндеттерге толығымен сай келеді»,-деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.
Бұл өткен жылы Елбасының тілге қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген қаржысына ашылған Abaialemi.kz онлайн-энциклопедиясының, Tattialma.kz балалар әдеби сайтының мобильді қосымшалары. Сондай-ақ, «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Қазақстанның мерекелері» және тұңғыш отандық зияткерлік ойыны - «Кім білгіш?» атты қосымшалар да қамтылып отыр.
Сонымен қатар, кор Soyle.kz порталының жаңартылған және жаңа бөлімдермен толықтырылған нұсқасымен таныстырды. Сайттың дизайны технологиялық тұрғыдан бүгінгі заман талаптарына сай өзгертілген.
Sozdik.soyle.kz , «Сайттар каталогы», «Мақал-мәтелдер», «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар», «Бүгінгі күннің сөзі», «Іс-шаралар афишасы» секілді жаңа бөлімдер жасалған.