Сойлыбаев WBC рейтінгінде ТОП-25-ке кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (11-0, 4 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінде өз жағдайын жақсартты, деп хабарлады Sports.kz.

Жаңартылған рейтингте ол 25-ші орында.

Еске салсақ, 29 сәуірде Сойлыбаев   венесуэлалық  Самуэль Гонсалесті (13-5, 9 КО)  жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBC International    тұжырымы бойынша әлем чемпионы бос титулын жеңіп алды.   

  Бекманның келесі қарсыласы WBC International Silver  титулының иегері аргентиналық боксшы Орасио Альфредо Кабраль (18-1, 8 КО) болады деп күтілуде.