«Союз МС-02» кемесінің экипажы ұшыру кейінге шегерілген соң Байқоңырда қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Союз МС-02» ғарыш кемесінің экипажы Ресейдің мемлекеттік комиссияның ұшырылатын жаңа мерзімді бекіту туралы шешімі қабылданғанға дейін Байқоңыр ғарыш айлағында қалады. Бұл туралы ТАСС зымыран-ғарыш саласындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат көзі хабарлағандай, әзірге «Союз-ФГ» зымыран тасығышын «Союз МС-02» кемесімен ұшырту әзірге резервтік мерзімге - 24 қыркүйекке шегерілді. Экипаж осы күні ұшырылады деп дайындалып жатыр.

Кемені ұшыру мерзімінің шегерілуінің бастапқы себебі зымыран-тасығыштың бас орай ағызғышы түбіндегі қысқа тұйықталумен байланысты болды. Олқылықты ұшу алдындағы сынақта байқаған.