«Союз МС-02» зымыранының Байқоңырдан ұшырылатын уақыты жария етілді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Ресей «Союз МС-02» зымыраны ұшырылатын жаңа уақытты американдық серіктестеріне ескертті. Бұл туралы «Новости космонавтики» сайты хабарлады.

Ресейлік ҰБО қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, ұшырылым 23 қыркүйектен 1 қазанға ауыстырылған.

«Ресейлік тарап NASA орталық кеңсесін «Союз МС-02» зымыранын ұшыру 1 қазанға ауыстырылғаны жөнінде ескертті», - делінген хабарламада.

Кеше, 19 қыркүйекте ХҒС негізгі және қосалқы экипаждары Байқоңырдан Мәскеуге оралған болатын.