Халлықаралық ғарыш стансасының бағдарламасына сәйкес, (ХҒС) Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және JAXA астронавты Норишиге Канаи Жезқазған қаласына жақын маңда қонуы тиіс.
Айта кеткен жөн, «Союз МС-07 кемесі МКС-тен ажыратылғаннан кейін МКС-56 экспедициясы ұзақ мерзімге ғарыштық вахтасын жалғастырады. Оның құрамында: командир - америкалық астронавт Эндрю Фойстел , экспедицияның бортинженерлері - космонавт Роскосмос ғарышкері Олега Артемьев және NASA астронавты Ричард Арнольд бар.
2018 жылдың 3 маусымында Роскосмос сайтына және Ресей ғарыш ведомоствосының «ВКонтакте» ресми парақшасына кіргендер үш рет: мәскеу уақытымен 8:45 - 9:15-те қонуын, 12:00 - 12:30- да ғарыш кемелерінің ажыратылуын және «Союз МС-07-ің ұшып кеткен сәтін, ал 15:30 - 16:30-да «Союз МС-07» аппаратының жерге қонар шағын, сондай-ақ экипажды эвакуациялауды көре алады, деп атап өтеді Роскосмос баспасөз қызметі.