«Бортында Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және жапон аэроғарыштық зерттеу агенттігінің астронавты Норисигэ Канаи бар жерге қонушы аппарат мәскеу уақытымен 15:39-да қонды», - деді аталмыш зерттеу орталығының өкілі.
19:25, 03 Маусым 2018
«Союз МС-07» Жезқазған маңына қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортында үш экипаж мүшесі бар «Союз МС-07» ғарыш кемесі Қазақстанда Жезқазған қаласы маңындағы далаға қонды. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге Подмосковьедегі Аэроғарыштық зерттеу орталығында мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.