«Союз МС-13» кемесі халықаралық ғарыш стансасына ұшып жетті

Фото: None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – ТАСС – «Союз МС-13» кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш стансасының бортына келіп жетті. Экипаж қатарында Роскосмос ғарышкері Александр Скворцов, сондай-ақ Эндрю Морган (NASA) және Лука Пармитано (Еуропалық ғарыш агенттігі) бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ХҒСбортында жаңа экипажды ресейлік Алексей Овчинин, америкалық Кристина Кук пен Ник Хейг қарсыалды.

«Союз-ФГ» зымырантасығышы Байқоңырдың бірінші старт алаңынан сенбікүні ұшырылған болатын.

Ғарышкемесі стансаға алты сағатта ұшып жетті де, автоматты режимде түйісті.

Айта кетейік, МКС-60/61 экспедициясы кезінде ғылыми-қолданбалы зерттеулербағдарламасы аясында 50 эксперимент жасалады деп күтілуде. Оның бесеуіавтоматты режимде, экипаждың қатысуынсыз жүргізіледі.