«Союз МС» ғарыш кемесі орбитаға шығып, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды

АСТАНА. ҚазАқпарат -'Союз МС' жаңа сериясының бірінші ғарыш кемесі 'Союз-ФГ' тасымалдаушы зымыранының үшінші сатысынан бөлініп, халықаралық ғарыш стансасына бағыт алды, деп хабарлады 'Роскосмос' мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

 «Ғарыш кемесі тасымалдаушы-зымыраннан ажырап, орбитаға шықты және халықаралық ғарыш стансасына бет алды», - деп мәлім етті Роскосмос.

Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік Анатолий Иванишин, американдық Кэтлин Рубенс және жапондық Такуя Ониси аттанды.

Ғарыш кемесі ХҒС ресейлік сегментіне сенбі күні Мәскеу уақытымен 07:12-де жетеді.