Түйісу уақыты Мәскеу уақытымен 07:12-ге жоспарланған болатын, іс жүзінде түйісу Мәскеу уақытымен 07:06-да болды.
Халықаралық ғарыш стансасына «Союз МС» жаңа экспедициясы 7 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Ғарыш кемесінде ресейлік Анатолий Иванишин, американдық Кэтлин Рубинс және жапондық Такуя Ониси болған.
Түйісуден кейін біраз сағат өткен соң, «Союз» бен ХҒС арасындағы өтпелі люк ашылу керек. Осыдан кейін жаңа экипаж стансасындағы әріптестерімен, ресейлік ғарышкерлер - Алексей Овчининмен, Олег Скрипочкамен және НАСА ғарышкері Джеффри Уильямспен кездеседі.