«Союз ТМА-12М» кемесі халықаралық ғарыш стансасына қонды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 28 наурызда Мәскеу уақыты бойынша 03:53:33 кезінде «Союз ТМА-12М» транспортты басқарылатын кемесі штатты түрде Халықаралық ғарыш стансасының «Поиск» ресейлік сегментінің шағын зерттеу модулінің тоғысу түйінімен тоғысты, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.

Стансаға 39/40 ұзақ экспедиция экипажының Ресей ғарышы құрамындағы ғарышкерлер Александр Скворцов пен Олег Артемьев, сонымен бірге, НАСА-ның ғарышкері Стивен Свонсон келді.

Стансаға жақындау және түйісу автоматты режимде кеме экипажының және Машина жасау орталық ғылыми-зерттеу институты ФМУК Мәскеу орталық басқармасының мамандарымен жүргізілді.

«Союз ТМА-12М » ТБК герметикалық бөлігі және ХҒС РС-мен түйіскенін бақылау үшін, сонымен бірге, кеме мен станса арасында ауа қысымын теңеу бойынша шаралардың орындалып, ТБК экипажы ХҒС-ның бөлігіне көшеді. Александр Скворцов, Олег Артемьев пен Стивен Свонсон 2013 жылдың қарашасынан ХҒС бортында жұмыс істейтін ХҒС-ның командирі Коити Вакатеге және боринженер Михаил Тюрин мен Рик Мастраккиоға қосылады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, борттағы халықаралық экипажбен 26 наурыз Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз ТМА-12М» ТБК ХҒС-мен қысқа, алты сағаттық жақындау схемасы бойынша ХҒС-пен штатты екі тәуліктік түйісу режиміне көшеді.