Ресей ғарыш мекемесі баспасөз қызметінің ақпаратынша, ғарыш мақсатындағы «Союз-ФГ» зымыранын орнату жұмыстары аяқталған соң Ресей зымырандық-ғарыштық кәсіпорнының мамандары алғашқы ұшыру бағдарламасы бойынша жұмыстарына кіріседі.
Ертең, 24 қыркүйекте мемлекеттік комиссияның отырысы өтуі тиіс. Ол ғарышкерлер мен астронавттарды дайындау нәтижелері бойынша Халықаралық ғарыш стансасына ұшатын 41/42 экспедициясының негізгі экипажын бекітеді.
«Союз-ФГ» ғарыш мақсатындағы зымыранымен «Союз ТМА-14М» кемесін 26 қыркүйекте Мәскеу уақытымен сағат 00:25 ұшыру көзделген.