«Союз ТМА-15» ұшқыш басқаратын ғарыш кемесі ұшырылды
18:31, 27 Мамыр 2009
БАЙҚОҢЫР. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ – Бүгін 16 сағат 34 минөтте «Байқоңыр» ғарыш айлағынан бортында халықаралық экипаж бар «Союз ТМА-15» ұшқыш басқаратын ғарыш кемесін ұшыру сәтті орындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Халықаралық ғарыш стансысына (ХҒС) құрамында: Роман Романенко (Ресейғарыш), Франк де Винна (ЕҒА) және Роберт Тирск (Канада ғарыш агенттігі) бар 20-сыншы экспедиция аттандырылды.ХҒС-20 экипажы ұзақтығы 180 тәулік болатын ұшу сапарын орындайды. Осы кезең ішінде олар стансының борттық жүйесіне қызмет көрсету, оны қосымша жарақтау, кемеден тыс қызметті жүргізу бойынша, сондай-ақ ғылыми тәжірибелердің барынша ауқымды бағдарламасын және түрлі бағыттардағы зерттеулерді іске асыратын болады.ХҒС-да қазір үш ғарышкер жұмыс істеуде ? ХҒС-19 экспедициясының командирі Геннадий Падалка (Роскосмос), НАСА астронавты Майкл Барратт және жапондық инженер Коити Ваката. Осылайша, халықаралық стансыда тарихта тұңғыш рет жарты жыл бойы алты адам ? Ресейдің, АҚШ-тың, Канаданың, Еуроодақтың және Жапонияның өкілдері жұмыс істейтін болады.