«Союз ТМА-16М» экипаж мүшелері ХҒС бортынан Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Союз ТМА-16М» экипаж мүшелері ХҒС бортынан Нұрсұлтан Назарбаевты кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Қазақстанда Президентті сайлады деген жаңалықты ғарышта да естіді. Халықаралық ғарыш стансасынан «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Қазақстан халқы мен Елбасыға құттықтауларын жолдады.

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Халықаралық ғарыш стансасының экипажы Геннадий Падалка, Михаил Корниенко және Антон Шкаплеров Сізді сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтайды. Сіздің сайлауалды науқаныңызда Қазақстан жерінен сәтті ұштық. Сіздің қуанышыңызға ортақпыз. - Бүгінде Сіздің арқаңызда Қазақстанды бейбіт және бірлік орнаған ел ретінде бүкіл әлем таниды. Сіз халықаралық ғарыштың дамуына сүбелі үлес қосқан белді тұлғасыз. Еліңіздің бейбітшілік саясаты көпшілікке үлгі болды. Қазақстан ғарыштан жақсы көрінеді. Бұл қуатты, мықты, әсем ел. - Сіздің бастауыңызбен болашақта да Қазақстан ғарыш саласындағы биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз. Біз Сізге және барша Қазақстан халқына өркендеу тілейміз. Жеңісіңіз құтты болсын!