«Союз-ТМА17М» экипажы Жерге 11 күн ерте оралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Басқарылатын «Союз-ТМА17М» кемесінің экипажы Жерге жоспарлағанынан 11 күн ерте оралатынына өкініш білдіруде, бірақ «бағдарламаның аты - бағдарлама». Бұл туралы экспедициядан желтоқсанда оралатын Халықаралық ғарыш стансасының бортинженері, Роскосмос ғарышкері Олег Кононенко мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Бортында ғарышкер Кононенко, американдық астронавт Челл Линдгрен және жапондық JAXA ғарыш агенттігінің маманы Кимия Юи бар басқарылатын "Союз-ТМА17М" ғарыш кемесі ХҒС-ға 21 желтоқсанда оралуы тиіс еді, бірақ кеменің қонуы 11 желтоқсанға ауыстырылған. Ұшуды басқару орталығынан кеменің қонуы 11 желтоқсан күні сағат 16:09-ға жоспарланғанын түсіндірді.

«Бізде ұшу басшысының болашақ жүк кемелерінің старттары және біздің қонуымыздың алдын ала даталары жазылған радиограммасы бар. Оны бекіткенде бәрі белгілі болады, бірақ, әрине, ертерек оралатынымызға аздап көңіліміз түсті. Алайда бағдарламаның аты бағдарлама, оралған кезде, оңалып, жаңа старттарға дайындаламыз», - деді Кононенко «Халықаралық ғарыш стансасының 15 жылдығын атап өту бойынша «Мәскеу-ХҒС» баспасөз конференциясы кезінде.

ХҒС-ын құруда 14 ел: АҚШ, Ресей, Жапония, Канада, Италия, Бельгия, Нидерланды, Дания, Норвегия, Франция, Испания, Германия, Швеция және Швейцария қатысып отыр. Алғашқыда қатысушылардың арасында Ұлыбритания мен Бразилия да болған, бірақ олар кейін жобадан шығып кетті.