Ғарышқа Жерді қашықтықтан зондтайтын «Ресурс-П» спутнигін алып шығуы тиіс болған «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшар алдында ұшуды тоқтатудың автоматты жүйесі іске қосылған.
Зымыран Астана уақытымен 01:56-да (21:56, мск) аттануы тиіс болған.
Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, оның неден кейінге қалдырылғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссия зымыран ұшырылатын жаңа уақытты белгілейтін болады.